Шымкентте бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде балкон қаптаған ер адам қайғылы жағдайда көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ол жөндеу жұмыстары барысында абайсызда бесінші қабаттан құлап кеткен.
"Ер адам алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін тексеріс тағайындалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова