Шымкентте балкон қаптау кезінде жұмысшы қаза тапқан. Бұл жағдайға Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деді полиция.
Еске салайық, бұған дейін ер адам жөндеу жұмыстары барысында абайсызда бесінші қабаттан құлап кеткені, алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова