- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте баланы таяқпен...
Шымкентте баланы таяқпен ұрып, “тәрбиелемек“ болған күзетші сотталды
Шымкентте баланы таяқпен ұрып, "тәрбиелемек" болған күзетші сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Жекеменшік компанияда жұмыс істейтін күзетші өз өкілеттілігін асыра пайдаланып, қызмет барысында берілген арнайы құрал, яғни "резеңке таяқшасымен" жасөспірімнің басы және кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулыққа "жеңіл" дәрежелі зиян келтіргенін мәлімдеді.
Сотталушыға тағылған айып жинақталған құжаттармен дәлелденді.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қатысты айыпты ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 (екі) жыл мерзімге айыра отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілі кешірім бергенін, жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
И. есімді азамат ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина