- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте балалар үйінен...
Шымкентте балалар үйінен қашқан екі қыз табылды
Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыз табылды. Олар 16 ақпан күні Тұран ауданында орналасқан Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан шығып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаментінің қызметкерлері барлық бейнебақылау камераларын бақылап, іздеу жүргізгенінің нәтижесінде жасөспірімдер аман-есен орталыққа жеткізілді. Қазіргі таңда оларға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр.
"Мекеме тәрбиеленушілері өздеріне қатысты ешқандай теріс әрекет жасалмағанын айтты. Қазіргі таңда жасөспірімдердің денсаулығына қандай да бір зақым келген-келмегенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шымкент Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева.
Еске салайық, 17 ақпанда Шымкентте балалар үйінің 14 және 15 жастағы екі тәрбиеленушісі іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік. Іздеу жұмыстарына волонтерлер тартылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан