- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте балабақша иелері...
Шымкентте балабақша иелері 30 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырған
Шымкентте жекеменшік балабақша иелері жымқырған қаражат бюджетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық прокуратура органдары 4 жеке балабақшаның иелері балабақшаға келмеген балалар үшін жалпы сомасы 29,6 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгенін анықтады.
Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексеру нәтижесінде бюджетке келтірілген залал қайтарылды. Сот үкімімен 1 адамға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылса, 1 адамға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Г.М. Рысбекованың меңгеруіндегі "Али мен Айя" бөбекжай-бақшасы" ЖШС-і 2020 жылғы наурыздан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейін балабақшаға келмеген 15 бала үшін, олар келді деп құжаттар тапсыру арқылы бюджеттен 8,7 миллион теңгенің үстінде қаржы алған.
Бұл қылмыс үшін сот үкімімен Г.М. Рысбековаға ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды атқаруға өмір бойы тыйым салынып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова