Шымкентте балабақша басшылығы бюджеттен 8 миллион жымқырған

Шымкентте балабақша басшылығы бюджеттен 8 миллион жымқырған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шымкентте балабақша құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіркелгендігі туралы жалған мәліметтердің енгізілгенін анықтады.

Талдау барысында мемлекет бюджетінен бөлінген 8 млн теңгеден астам сома қаражатын заңсыз пайдалану фактілері анықталды.

Атап айтқанда, "Т" және "Б" жекеменшік мекемелер Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқандығы туралы жалған мәліметтер (өлі жандар) ұсынып, мемлекет қаражатын өз бетінше пайдаланған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағандары үшін әртүрлі жазаларға тартылып, мемлекетке келтірілген залалды толығымен қайтарды.

Прокуратура бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина