Шымкентте айыптұрақтан көлікті алып қашқан жүргізушінің әрекеті видеоға түсіп қалған

Шымкентте айыптұрақтан көлікті алып қашқан жүргізушінің әрекеті видеоға түсіп қалған
Фото: instagram.com/police_shymkent

Шымкентте мас болып ұсталып, куәлігінен айырылған жүргізуші айыптұрақтағы көлігін алып қашқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұстаған.

Көлікке мінген ол бірден қақпадан шығып, жоғары жылдамдықпен зымыраған. Күзетші есікті жауып үлгермей қалған. 

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

Ер адам сот санкциясымен қамауда отыр. 

"Полиция қызметкерлері жүргізушіні мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұстаған. Сондай-ақ, құқықбұзушының 2025 жылдың қарашасына дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Көлікті уақытша ұстау изоляторына қою кезінде ер адам жауапкершіліктен жалтару үшін қашып кетпек болған. Бірақ полицейлер дереу қолға түсірді", - делінген хабарламада.
 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан