- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік қылмыс
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты

Фото: Коллаж: depositphotos.com
Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген ер адам оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған. Олардың отау құрғанына бір жыл ғана болған екен.
"Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Жасы 50-дегі азамат", - деді Шымкент прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес