Шымкентте әйел үйдің терезесінен секіріп кетпек болған

Шымкентте әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ол Айбергенов көшесіндегі тұрғын үйдің 4-қабатының терезесінен секіргісі келген.

Қорқынышты жайт куәгерлердің көз алдында болған. Олар дереу полиция шақырған. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген.

Әйел мұндай қадамға неліктен барғаны әлі белгісіз.

Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 20 жастағы қыз жоғары қабаттан секірмек болғаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!