Шымкентте полицейлер жолда босанған әйелді перзентханаға жедел жеткізуге көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Патрульдік инспекторлар Нұралы Тәукеев пен Саят Керімбек жаңа туған нәресте мен оның анасын перинаталдық орталыққа тез арада жеткізді. Қала көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицейлерге көлік жүргізушісі жүгінді.
Ер адам әйелінің жолда толғағы қысып, ауруханаға жетпестен, көлікте босанғанын жеткізді. Офицерлер жедел әрекет етіп, сиреналарды қосып, алып жүріп медициналық мекемеге кептеліссіз және барынша жылдам жеткізді. Осылайша, бірнеше минут ішінде ана мен бала дәрігерлерге тапсырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!