Қала көшелерінде тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автобус аялдамаларының бірінде құлап, дірілдеп жатқан адамды байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер жедел әрекет етіп, оны бір жағымен жатқызып, басына сырт киімін қойды. Бірнеше секундтан кейін ер адамның ұстамасы тоқтады. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Осылайша, құқық қорғаушылар жедел және үйлесімді әрекеттің арқасында тағы бір адамның өмірін сақтап қалды. Оларға құтқарылған тұрғынның туыстары шын жүректен ризашылығын білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!