Шымкентте автотұрақтағы екі көлік өртеніп кетті

Шымкентте Қонаев даңғылының бойындағы автотұрақта Audi өртеніп, жалын жақын тұрған көлікті де шарпыған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт бүгін, 9 маусымда түстен кейін Қонаев даңғылында орналасқан тұрғын үй маңындағы автотұрақта болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына барып, өртеніп жатқан Audi маркалы көлікті сөндіруге кірісті.

Оның жанында тұрған Honda көлігі де өртенген.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!