- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте автобус пен...
Шымкентте автобус пен скутер соқтығысып, бір адам қаза тапты
Шымкентте автобус пен скутердің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 19 сәуірде сағат 16:30-да Шымкентте болған. Алдын ала болжам бойынша, оқиға куәгерлерінің айтуынша, скутер егде жаста. Ол рульдің бұзылуына байлансты №126 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.
Жол апатының куәгерлері дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Алайда дәрігерлер зардап шеккен адамға көмек көрсете алмаған. Алған жарақаттарынан ер адам сол жерде көз жұмды.
"Бұл факт полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп қосты "Экстренный вызов" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болған. Зардап шеккендер жоқ.
"Оқиғадан кейін скутер мен автобус адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталғанша тұраққа сүйреп апарылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан