- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте автобус жүргізушілерінің...
Шымкентте автобус жүргізушілерінің жолаушыға таласқан видеосы тарады
Шымкентте автобус жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға қала аялдамаларының бірінде болған. № 103 автобус жүргізушілерінің төбелескен сәті әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жағдайға өңірдің көлік басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді.
Ведомствоның мәліметінше, төбелес жолаушыларды бөле алмаған бір бағыттағы автобус жүргізушілері арасында болған.
Ер адамдар әуелі бір-бірін итеріп жіберген, кейін олардың бірі екіншісін ұрған, балағат сөздер айтып, төбелес басталған. Куәгерлер жүргізушілерді ажыратқан.
"Қоғамдық көліктерге күн сайын "Мына уақытта мына көшеде болуың керек" деген сияқты кесте бекітіледі. Кесте бойынша 103-бағыттағы автобус көлік кептелісі салдарынан кешігіп қалған. Оның артынан екінші 103-автобус өз уақыты бойынша келген. Содан екеуі қақтығысып, сондай жағдай болды. Алайда қазір барлығы шешілді. 103-бағыттағы қоғамдық көлігі тиесілі "ТТК" ЖШС жүргізушілерге шара қолданатынын айтты", - деп хабарлады Шымкент көлік басқармасының баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан