- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте Ауғанстан азаматы...
Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды
Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ауғанстан Ислам Республикасының азаматы Х.М.П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Х.М.П. ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы), 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен (есірткі ж.б. өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) айыпталған.
Сотта Х.П. Ауғанстан Ислам Республикасының басқа азаматтарымен алдын-ала сөз байласу арқылы ҚР шекарасынан жүк көлігімен аса ірі мөлшерде 3 келіден аса метамфетамин психотроп затын "Кола" сусынының ыдысына жасырып құйып, заңсыз өткізгені анықталды.
Одан әрі осы психотроп заттарды заңсыз өткізу мақсатында Ресей Федерациясына тасымалдамау кезінде оны Шымкент қаласы бойынша ҰҚК-нің қызметкерлері құрықтаған.
Прокурор Х.М.П.-ға түпкілікті 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы Х.М.П. тағылған айыпты толық мойындады және жазаны жеңілдетуді сұрады.
ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігінің санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді. ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді.
"Х.М.П.-дың асырауында жасөспірім балалар болуы мен шын жүректен өкінгені жазасы мен жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде танылды. Жазасы мен жауапкершілігін ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың қайталануы танылған. Х.М.П. ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен, 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады", - деп жазылған сот мәліметінде.
Сот үкімі күшіне енбеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова