Биыл ақпанда Шымкентте атыс шығарған Өзбекстан азаматына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс Шымкентте ашық түрде қаралды.
"Орта қауіпсіздік мекемесінде 15 жылға бас бостандығынан айырылады", - деді судья Темиралиев Самиддин.
Еске салайық, бұған дейін 2 маусымда Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот процесі ашық қаралып жатқаны хабарланған болатын. Талқылау барысында прокурор айыпталушыны 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Шетелдікке бірден бірнеше бап бойынша айып тағылды: қарақшылық, адам өлтіруге оқталу және қаруды заңсыз сақтау.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!