Әлеуметтік желіде 2 мамырда Шымкенттегі Чапаевка шағынауданында болған оқиғаның видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrarkz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша полиция мен жергілікті әкімдік өкілдері әскер жасындағы азаматтарды есепке алу үшін жоспарлы рейд жүргізген. Басылым мәліметінше, сол сәтте жігіт жағдайды қате түсініп, қашпақ болған. Қатты қобалжыған ол жерге құлаған.
"Мамандар мән-жайды түсіндірген соң азамат жиын пунктіне өз еркімен барған. Дәрігерлер оны медициналық тексерістен өткізіп, әскерге жарамды деп тапты", - деп жазылған мәліметте.
Кейінірек жігіт құқық қорғау органы қызметкерлерінен қорқып қашқанын, қазір әскерге өз еркімен бара жатқанын айтқан. Ал полиция бұл дерек бойынша ешқандай арыз түспегенін мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!