Шымкентте 1 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкентте Қазиев көшесінің бойында ППП қызметкерлерімен "Қорғау" электронды жүйесі арқылы көк түсті маркасы "BMW520" автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында аталған көлік құралын басқарған жүргізушінің 1 миллион 181 мың теңге берешегі бар екені анықталды.
Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертілді. Көлік айып тұраққа қойылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз