ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Аяла Голд" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаржы пирамидасы зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде көрінген. Алайда күдіктілер азаматтарға ай сайын 50–60% көлемінде кепілдендірілген табыс уәде етіп, инвестиция салуды ұсынған. Сонымен қатар, салынған қаражат сақталатынына сендірген. Алайда төлемдер нақты пайда есебінен емес, жаңа қатысушылардан түскен қаражат есебінен берілген.
"Нәтижесінде 400-ден аса салымшы тартылып, олар 1 миллиард теңгеден аса қаражат салған. Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табысқа бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешенінен екі пәтер сатып алған. Сот санкциясымен бұл пәтерлерге тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек күдіктілер өз туыстарын осы схемаға тартып, оларды "дроппер" ретінде пайдаланған. Яғни басқа салымшылардан түскен қаражатты олардың банк реквизиттері арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған.
Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы екі ай мерзімге қамауға алынды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова