- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте алаяқтықпен тұрғындардың...
Шымкентте алаяқтықпен тұрғындардың телефонын жымқырған тұрғын ұсталды
Алаяқтықпен тұрғындардың телефондарын жымқырған шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Ол тамақтану орталығында бейтаныс азамат ұлынан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, белгісіз бағытта "ізін суытқанын" хабарлады. Кейін осыған ұқсас арызбен тағы бір азамат полицияға жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық екені анықталды.
Полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысы бар 20 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол смартфондарды ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болды.
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде, оның басқа да осыған ұқсас жайттарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Құқық қорғаушылар тұрғындарға өздерінің жеке заттарына мұқият болуды ескертті.
"Егер сіз қандай да бір құқықбұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз", – деп ескертті полиция.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан