Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Сот алаяқтық фактісі бойынша нотариусты 4 жыл шектеуге, ал оның сыбайластарын 3 жылға және 3 жыл 9 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі үкім шығарды.
Сот талқылауы барысында жеке нотариус "A" жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың осал жағдайын және қызметтік өкілеттігін өз пайдасына қолданып, несие немесе кепіл шартын жасаудың орнына сатып алу-сату шартын куәландырғаны анықталған.
Кейіннен ол үшінші тұлғаларға меншік құқығын бекітіп, Шымкент қаласының әділет органдарына тіркеу туралы келісімді заңсыз жіберген.
Қылмыстық іс бойынша 9 жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!