• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Шымкентте алаяқтар зейнеткерден 46 млн теңге жымқырған

Фото: Видео кадры

Шымкентте зейнеткерден 46 млн теңге жымқырған алаяқтар қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

69 жастағы қала тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Жәбірленуші алдымен "ұялы байланыс операторларынан" SIM картасының мерзімі аяқталғаны туралы қоңырау түскенін айтты. Мерзімді ұзарту үшін ол SMS кодты берген. Біраз уақыттан кейін зейнеткерге "құқық қорғау органдарынан" хабарласып, шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалғандар алаяқтар екенін жеткізген.

Зейнеткер қаскөйдің нұсқауымен шотындағы бар ақшаны шешіп алып, жинап тергенін берген. Ішінде 46 млн теңге бар пакетті жалған құқық қорғаушылар ауладағы орындықтан алып кеткен.

"Қазір бұл жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды", - деді Шымкент ПД киберпол бастығының орынбасары Шыңғыс Жайлау.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget