• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Шымкентте ақша бопсалаған топ ұсталды

Шымкентте ақша бопсалаған топ ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Шымкентте бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үш ер адам мен бір қыздан тұратын топ екі 19 жастағы тұрғынға күш қолданып, қорқытып, 3000 АҚШ долларын сұраған.

Бірнеше мекенжайда тінту жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары заңсыз әрекеттердің маңызды дәлелі болатын көптеген айғақты анықтаған.

"Атыс қарулары мен суық қару, өзге көліктердің техпаспорттары, телефондар және есірткі тәркіленді. Тергеу барысында топтың басқа да мүшелері анықталды. Олардың екеуі бұзақылық қылмысы бойынша, біреуі заңсыз қару сақтағаны, тағы біреуі есірткі қылмысы бойынша күдіктілер", - деп жазылған хабарламада.

Ұсталғандардың барлығы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget