Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-парақшасында айтты.
"Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!