Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігі ғимаратында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 тамызда сағат 03:19-да 112 қызметіне әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайда орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
"Өрттің жалпы көлемі 1200 шаршы метр болды. Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!