Шымкентте әкімдік 2 ай бойы жер учаскесін бөліп беру туралы шешімді қабылдамаған

Шымкентте әкімдік 2 ай бойы жер учаскесін бөліп беру туралы шешімді қабылдамаған
Фото: depositphotos.com

Шымкентте әкімдік 2 ай бойы жер учаскесін бөліп беру туралы шешімді қабылдамаған, – деп хабарлайды Massaget.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау инвесторлардың проблемаларын тиімді шешуге бағытталған. Шымкент қаласының прокуратурасы 150-ден аса жұмыс орнын ашып, құны 3,2 млрд теңгеден асатын кондитерлік зауыт салу жобасын жүзеге асырып жатқан түрік инвесторының құқығын қорғады.

Атап айтқанда, 2 ай бойы әкімдік индустриялық аймақтық қатысушысына жер бөлу туралы шешім қабылдамаған, бұл бекітілген кесте бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажет инвестордың техникалық шарттар мен басқа да құжаттарды алуына кедергі болған.

Шымкент қаласы прокуратурасының қадағалау актісіне сәйкес әкімдік жер учаскесін бөлу туралы қаулы шығарды.

"Сондай-ақ инвесторға сәулет-жоспарлау тапсырмасын және эскиздік жобаны алуға көмек көрсетілді. Кінәлі лауазымды тұлға – Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапқа тартылды", – делінген жауапта. 

Маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары жалғасып жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина