Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін 26 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Талдау барысында Шымкент қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың сот жосықсыз деп таныған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізбеу фактілерін анықтады.
Бұл оларға конкурстарға еркін қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы келісімдер жасасуға мүмкіндік берді.
Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес Тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі аппаратының 26 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз