Шымкентте адам саудасымен айналысқан адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ш.-ны адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұстады.
"Ш. соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, тағы 10 азаматтың адам саудасына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қазіргі таңда адам саудасы дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!