- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте 9-қабаттан құлап...
Шымкентте 9-қабаттан құлап кеткен құрылысшы аман қалды
Фото:
Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz
Шымкентте 9-қабаттан құлап кеткен құрылысшы аман қалды. Оқиға бүгін, 24 қаңтарда түске қарай қаланың Байтұрсынов көшесіндегі құрылыс нысанында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шақырту 12:52-де түскен. Құрылыс алаңында 9-қабаттан 7-қабатқа құлаған. Диагнозы: жабық бас-ми жарақаты, басы мен миы шайқалуы, ң жақ бұғананың жабық сынығы, көкірек клеткасының және көкіректің соғылуы. №1 бригадамен сағат 13:04-те тасымалданды", - деді жедел бөлімнің жауапты қызметкері, ауысымның аға дәрігері Карима Жантасова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан