- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте 9 жастағы...
Шымкентте 9 жастағы баланы қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды
Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 қазанда кешкі сағат 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында BMW-530 автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 9 жастағы бала оқиға орнында қаза болды.
Істің мән-жайын анықтауға Шымкент қаласы ПД-ның анықтаушылары мен криминалистері барды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.
Полицейлер бұл жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы) бойынша тіркелді.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады.
Полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысына қатысушылардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек