Шымкентте 72 жастағы ер адам аурухана терезесінен секіріп көз жұмды. Жаға ұстатарлық жағдай түн ішінде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Зейнеткер 7 мамыр күні де суицидке талпынған. Кеңірдегін пышақпен кесіп, өлімші хәлде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер ота жасап, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан. Одан соң психотерапевттің рұқсатымен палатаға шыққан.
Күн сайын жанында туыстары болғанымен, соңғы бірер күні ешкім келмеген. Осыдан кейін көңіл күйі де болмай, ақыры түн жарымында ер адам терезеден секіріп мерт болды.
"Туыстары кетіп қалғаннан кейін мені тастап кетті деп ойлған сияқты. Өйткені бізде өте жоғары деңгейлі көмейі тігіліп, бірінші деңгейлі өңдеу жасалып, жансақтау бөліміне жатқыздық, алғашқы медициналық көмек көрсеткенбіз", - дейді Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Қуаныш Лекеров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!