Шымкентте 7 жасар оқушының айтқанынан кейін мұғалім ұсталды: министрлік не дейді?

Шымкентте "мұғалім 7 жасар оқушыға жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасады" деген күдікке ілінді. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл дерек бойынша кәмелетке толмаған балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жағдай анықталғаннан кейін бірден оқиға орнына барып, баланың анасымен тұрақты байланыс орнатты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Мән-жайы

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға 25 ақпанда болған. Жәбірленушінің анасының сөзінше, оқушы үйіне келгенде 36 жастағы мұғалім тізесіне отырғызып, ерсі әрекет жасағанын айтқан. 

Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқыққа қарсы әрекетті жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз