Шымкентте 6 жасар баланың өліміне себепкер болған құрылыс компаниясының басшысы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.
"Ас орта групп" мекемесі су жүргізу үшін арық қаздырып, сол күйінде қалдырып кеткен. Ал көктемде ол жерге құлаған бала жиналған нәжіс суына тұншығып өлген.
Осы олқылығы үшін мердігер мекеменің 44 жастағы директоры кінәлі деп танылып, ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ ол рақымшылыққа ілігіп, жазасы бір жарым жылға дейін қысқарды. Десе де марқұм балақайдың анасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Алайда арық қаздырып, нәжіс су толғанша ешқандай белгі мен қоршау қоймағаны үшін кінәлі деп танылған мердігер мекеменің басшысы үкіммен келіспей отыр.
"Сот үкім етті. Тастанбеков Нұржан Амалбекұлы ҚР ҚК 279-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзуға барғаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған екі жыл мерзімге құрылысқа байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Нұрсұлтан Мыңбатыров.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!