Шымкентте ойнап жүрген 6 жасар баланың қолы үйдегі жылу батареясының арасына қысылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бүгін, 28 ақпанда сағат 12:00 шамасында Қазыбек би көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде болған.
Бұл туралы құтқарушыларға сағат 12:07-де хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құралдардың көмегімен баланың қолын батареядан шығарып берді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз