- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте 50 жастағы...
Шымкентте 50 жастағы ер адам әйелін қызғаныштан пышақтап тастаған
Фото:
© polisia.kz
Шымкентте 50 жастағы ер адам әйелін қызғаныштан пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 31 тамызда болған. Күдікті Шымкент полициясына өзі хабарласқан.
Ер адам өзімен бірге тұратын әйелді қызғанып, оған пышақпен шабуыл жасағаны анықталды. Әйел оқиға орнында қаза болған.
Тәртіп сақшылары "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамалды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Құлтай