- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- оқушы туралы
Шымкентте 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған

Шымкентте 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Мектеп басшылығының мәліметінше, оқиға баланың өз үйінде болған.
"Олардың сөзінше, мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін. Марқұм қаладағы №9 IT лицейінде білім алған", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Оқиғаны полиция растады. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Кәмелет жасына толмаған баланың өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына байланысты өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді", - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова