- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте 5 жасар...
Шымкентте 5 жасар қыз терезеден құлап, ес-түссіз жатыр
Фото:
pixabay.com
Шымкентте 5 жасар қыз терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қаланың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға кеше, 23 наурызда әл-Фараби ауданы 16-шағын ауданындағы көпқабатты №18 тұрғын үйде болған.
Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған, 2018 жылы туған қыз құлаған. Ол дереу ауруханаға жеткізілген. Жағдайы ауыр.
Оқиғаның мән-жайын Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр. Қазіргі таңда қызға операция жасалған, комада жатыр, есін әлі жинамаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан