Шымкентте 40 жастағы ер адамды ұрып өлтірген күдікті ұсталды. Оқиға Тельман шағынауданында болған. Полиция күдіктіні тауып, қамауға алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
25 тамыз күні кешкі уақытта 102 арнасына жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жеткен. 40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталған.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тіркелді.
"Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты. Белгілі болғандай, ер адамдар арасында төбелес шығып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!