Шымкентте кәмелетке толмағандарға жасалатын жыныстық зорлық-зомбылық саны артып барады, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Мамандандырылған ауданаралық сот мәліметінше, былтыр өңірде 20 педофилге үкім шығарылған. Олардың төртеуі қосымша жаза ретінде химиялық кастрация процедурасынан өткен.
"Химиялық кастрацияны қолдану әдісі бізде болды. Бұл - қосымша жаза. Әдетте химиялық кастрация балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға тағайындалады", - дейді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Әбсаттар Шахидинов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!