Шымкентте 4 жасар баланың қолы еттартқышқа кептеліп қалған

Шымкентте 4 жасар баланың қолы еттартқышқа кептеліп қалған
Фото: otyrar.kz

Шымкентте құтқарушылар қолы еттартқышқа кептеліп қалған төрт жасар балаға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға туралы Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті пультіне 22 шілдеде сағат 19:07-де келіп түскен. Оқиға Тұран шағынауданындағы Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде болғаны айтылды.

"Оқиға орнына жеткен 4 адамдық жедел-құтқару жасағы 4 жасар баланың қолы еттартқышқа кептеліп қалғанын, оны шығара алмағанын анықтады", - деді Шымкент ТЖД өкілдері.

Құтқарушылар еттартқышты бөліп, баланың қолын шығарып алған. Кейін баланы дәрігерлерге тапсырғаны айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан