Шымкентте 4 жасар бүлдіршін үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 6 шілдеде Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған.
"Бала дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа", - деп жазылған мәліметте.
Қалалық ТЖД өкілдері ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды, олардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтауды сұрайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз