Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 3 қыркүйек күні сағат 18:45-те әл-Фараби ауданы, Володарский көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қабатынан 2020 жылы туған ер бала терезеден құлап кеткені жайлы хабарлама түсті.
"Қазіргі таңда ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа", - деп хабарлады департамент.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда екі жасқа да толмаған сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткенін жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз