Шымкентте 4 жасар бала жоғалып кетті. Еріктілер баланы іздеумен айналысып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бала жоғалып кеткені туралы ақпаратты _volontery_shymkent_lider.kz Instagram-парақшасының еріктілері хабарлады.
2019 жылы туған Әділет Розахов 23 маусымда сағат 15.00-16.00 аралығында үйінен шығып, оралмаған.
Баланың шашы мен көзі қара, шашы қысқа, арықтау келген.
Үйінен шығып кеткенде үстінде ақ жазуы бар қызыл футболка және көк шорты болған.
Еріктілер баланы көрген не білген адамдар болса 8-777-679-18-24 немесе 102-ге хабарласуын сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!