Шымкентте 3 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
12 наурыздағы төтенше жағдайға байланысты "Достық", "Нұршуақ", "Солтүстік-Батыс", "Солтүстiк Саяжай" шағын аудандарында үш мыңнан астам абонент электр қуатынсыз қалды.
"Қазір арнайы топ ақауларды жою үшін тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғын үйлер екі сағат ішінде электр қуатына қосылады", - деп жазады жергілікті басылым.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!