- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік қылмыс
Шымкентте 30 жастағы жігіт туған анасын пышақтап өлтірді
Шымкентте 30 жастағы жігіт туған анасын пышақтап өлтірді. Ол тіпті үйін өртеп, түтінді көріп көмекке келген көршілеріне де күш көрсетпек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Көршілерінің айтуынша, күдіктінің психикалық ауытқуы болған.
Қазір қылмыс болған үй жабық, есігі мөрленген. Күдікті қамауға алынды.
Полиция департаменті әзірге "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындаған.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында туған анасын пышақтап өлтірген адам сотталғанын хабарлаған едік. 2024 жылы қыркүйекте мас ер адам жанжал салдарынан асүй пышағымен анасының кеуде тұсына қасақана соққы жасағаны анықталған, әйел оқиға орнында көз жұмған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан