Шымкентте 3 тәулік ішінде газдан уланып 3 адам қайтыс болды. Оқиғаның алғашқысы 13 қаңтар күні кешке Спорт мөлтекауданындағы пәтерлердің бірінде болған. 4 конфорлы газ плита мен су ысытқыш құрылғысын арнайы жабдықталмаған бөлмеге орнату салдарынан 1967 жылғы әйел мен оның 2003 жылғы баласы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, 15 қаңтарда 01:00 шамасында жедел-жәрдем қызметіне 1991 жылы туылған әйел адамның газдан уланғанып қалғаны туралы хабар түскен.
"Аталған мекенжайды зерделеу жұмыстарын атқару барысында арнайы жабдықталмаған лоджияға 4 конфорлы газ плитасы мен су ысыту қондырғысы орнатылғаны анықталды. Су ысыту қондырғысы бір метр тысқа шығарылып, бір метр биіктікке көтерілген. Самал-3 мөлтек ауданы бойынша жедел-жәрдем қызметкерлері хабарласқан. 1991 жылы туылған әйел кісінің мәйіті табылды деген. Аталған жерді зерделеу барысында жуыну бөлмесінде жылыту қазандығы және су ысыту құрылғысы мұржаға тікелей жалғанбаған, яғни 5 см қосылмай осының салдарынан орын алды деген болжам бар", - дейді "ҚазТрансГаз" өндірістік филиалы бөлім басшысының орынбасары Елдар Қуандықов.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы газбен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздік техникасын бұзу салдарынан 6 адам қаза тапқан. Мамандар мұндай фактілердің басым бөлігі газ құралдарын дұрыс орнатпау салдарынан орыналып жатқанын айтады. Қазіргі таңда оқиға болған пәтер мен үйлер газдан толық ажыратылған. Толық тексеруден соң тұрғындарға газ қайта беріле бастайды.
Айта кетейік, мамандар газ қондырғыларын қолдану ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Сонымен бірге мұржа мен желдеткіш арналары, терезе және ауа ағымының үнемі болуы қажет. Ал ұйықтайтын және жуыну бөлмелерінде газ қондырығысын орнатуға тыйым салынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!