Шымкентте 3 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

Шымкентте 3 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды
Фото: depositphotos.com

Шымкентте тоғызыншы қабаттың терезесінен құлаған 3 жасар бала көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған.

2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткен.

"Алған жарақатынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, биыл Шымкентте балалар терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген. Салдарынан 4 бала көз жұмып, 5-еуі түрлі дәрежеде жарақат алған.

Департамент өкілдері ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget