Шымкентте 25 млн теңгенің алаяқтық схемасы әшкереленді

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған адамды әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылы қыркүйекте күдікті ЭТҚ қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау арқылы 25 млн теңге алған.

"Ақша медициналық мекемені тексерілетін нысандар тізімінен алып тастауға көмектесемін деген желеумен алынған", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз