- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте 24 жастағы...
Шымкентте 24 жастағы әйел үшем дүниеге әкелді
Шымкенттің 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшем дүниеге әкелді. Сәбидің үшеуі де – ұл. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдері берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қала тұрғыны мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған. Сәбилердің бірінің салмағы 1 580 грамм болса, екіншісі − 1 640 грамм, үшіншісінің салмағы – 1 610 грамм.
Дәрігерлер сәбилерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасаған. Содан кейін палатаға шығарған. Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшем мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.
Шымкентте жыл басынан бері 10 913 сәби дүниеге келген. Оның 5 579-ы ұл болса, 5 334-і – қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан