Шымкент полициясы жаңа туған баланы сатпақ болған адамды анықтады. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 23 жастағы әйел баласын сатып алушыны іздеген. Кейін делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан.
"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, соталды тергеу басталды. Бала сәбилер үйінде", - деді Қанат Нұрмағамбетов ІІМ брифингінде.
Ведомство өкілі күдікті алаяқтық үшін бірнеше рет жауапқа тартылғанын және қарыздары көп екенін айтты. Қазір әйел қамауға алынды.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында жаңа туған сәбиді сатқан адам ұсталғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!